Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Қамқоршылық, индустриялық және ата-аналар комитеттерінің бірлескен отырысы өтті
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Қамқоршылық, индустриялық және ата-аналар комитеттерінің бірлескен отырысы өтті. Ашық диалог алаңында әлеуметтік серіктестер, ата-аналар мен колледж әкімшілігі өндірістік оқытуды ұйымдастыру, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту, шефтік көмек көрсету, студенттерді дуальды оқытуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Қамқоршылық және индустриялық кеңестер төрағаларының баяндамалары тыңдалды, мамандарды даярлау сапасын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірленді . Колледж директоры Рахимова Жанар Зекенқызы кездесуге қатысушыларды колледж әкімшілігінің мамандарды даярлау сапасын жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті. Форум жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, "Атамекен" ҰКП, Қарағанды облысының білім беруді дамыту ОӘО өкілдері қатысты.
Форум аясында үйірме жұмысы мен жобалық қызметтің көрмесі өткізілді. Бірінші курс студенттері жақын арада өздері оқып, жаттығатын инновациялық оқу жабдықтарымен танысты.
Барлық іс- шаралар жоғары деңгейде өтті.