Қарағанды облысында жұмыс берушілер форумы өтеді
19–21 сәуір аралығында Қарағанды облысында жыл сайынғы жұмыс берушілер форумы өтеді. Форум барысында жұмыс берушілер өздері үшін мамандар дайындайтын колледждердің материалдық-техникалық базасымен таныса алады. Сондай-ақ, кәсіби кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелері талқыланады.
Биылғы жылы өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерінің колледж студенттерімен және мектеп түлектерімен кездесуі бес пікірталас алаңында өтеді: көлік саласы бойынша – Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде; тамақтану индустриясы – тамақтану және сервис колледжінде; тігін өндірісі – технология және сервис колледжінде; құрылыс саласы – техникалық-құрылыс колледжінде, тау-кен-энергетика саласы – жоғары политехникалық колледжде.
«Мұндай форматтағы форумдарды бірнеше жылдан бері өткізіп келеміз, – деді Қарағанды облысының білім басқармасында. – Жұмыс берушілер өздері үшін кадрларды таңдау, сала проблемалары мен даму перспективаларын талқылау үшін колледждерге барады. Форумдар дөңгелек үстел форматында өтеді. Олардың мақсаты – білікті және сұранысқа ие кадрларды даярлау жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау және шешу үшін түрлі салалар бойынша бірыңғай диалог алаңын құру. Олар сондай-ақ дуальды оқытуды кеңейтуге, жаңа әлеуметтік серіктестермен меморандумдар жасауға бағытталған».
Форум аясында ұйымдастырушылар жұмыс берушілер, салалық басқармалардың, жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, Қарағанды колледждері мен мектептерінің түлектері, 750-ге жуық адамды жұмылдыру жоспарлап отыр.
Жұмыс берушілерді форумға қатысуға шақырады. Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы білуге болады: 41-28-70 немесе 8-701-172-98-65.
Қарағанды облысы Білім басқармасының ақпараты бойынша