Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Адалдық – менің таңдауым: цифрлық дәуірдегі рухани құндылық

23.04.2026 ж. «Адал азамат & AI-интеллект» Оқу сауаттылығы апталығы аясында Цифрлық Мұра: «Цифрлық дәуірдегі Адалдық» бағыты бойынша колледжіміздің кітапханашылары мен тілдер кафедрасының оқытушылары «Адалдық - менің таңдауым» Челленджын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бойында адалдық, шынайылық және цифрлық білім құндылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ қазіргі цифрлық қоғамдағы жауапкершілікті арттыру.

Шараға «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысушы студенттер белсене қатысты. Челлендж барысында олар өздері оқыған көркем әдебиеттер бойынша адалдықтың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп, көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізді. Бұл бастама жастарды саналы шешім қабылдауға, әділдік пен шынайылықты өмірлік ұстаным ретінде таңдауға шақырады.

Адалдық – саналы таңдау!

Іс-шараға жауаптылар:

  • Шөменбаева С.С., кітапхана меңгерушісі
  • Рахымжанова Ш.Қ., кітапханашы
  • Қайсар А.Б., кітапханашы
  • Рахметолла Р.Е., кітапханашы
  • Таласбаева Н.Е., оқытушы

Қатысушылар: 40 студент

Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқу ынтасын жетілдіру, әдебиетке деген қызығушылығын ояту және заманауи формат арқылы білім алуға мүмкіндік жасау.

Подкаст барысында студенттерге қазақ әдебиетінің мерейтой иегерлері жайлы қысқаша сұрақтар берілді. Қатысушылар әдеби тұлғалар жайлы мазмұнды мәлімет айтып, олардың әдеби қырларын танытып, өз ойларымен белсенді бөлісті.  

Аталған іс-шара қызықты, танымды  және әсерлі өтті. Осындай заманауи форматтағы шаралар оқу сауаттылығын дамытуға және рухани құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосатыны анық.

Іс-шараға жауаптылар:

  • Шөменбаева С.С., кітапхана меңгерушісі
  • Рахымжанова Ш.Қ., кітапханашы
  • Қайсар А.Б., кітапханашы
  • Рахметолла Р.Е., кітапханашы
  • Күржікен Б.Қ., оқытушы

Қатысушылар: 9-1-ОДД-25 тобының студенттері Қуатбекұлы Нұртас,

Берік Біржан, Нұрланқызы Дилнара.