2022 жылдың 2 қарашасында KazDual жобасының командасы ACQUIN халықаралық агенттігі ұйымдастырған сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу бойынша тренингте өз жұмысын бастады
Тренинг ACQUIN бас директоры Александр Рудольф пен агенттіктің халықаралық департаментінің басшысы Жасмин Рудольфтың сәлемдесуінен басталды. KazDual жобасының мақсаттарына қол жеткізу аясындағы тренингтің рөлі мен міндеттері атап өтілді. Тренингтің бірінші күн бағдарламасы келесі мәселелерді талқылауды қамтыды: ACQUIN агенттігінің бағдарламаны аккредиттеу процесі, рәсімнің дайындық және маңызды кезеңдері, KazDual жобасы аясында университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламаларын аккредитеуге дайындық жұмыс жоспары. Бірінші күннің спикерлері ACQUIN қызметкерлері Джиорина Маратци, Ләззат Нұғыманова және Юлия Балакший болды.