«Қызым үйде – қылығы түзде»
“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша қыз баланың тәрбиесі жайында бейнеролик .
«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады.
Қазақ қыздарымыз тәрбиелі ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен және рухани тазалығымен ерекшеленеді. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болары хақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді» дегені қыз тәрбиесінің маңыздылығын
әрдайым еске салып, ұлт тәрбиесінде иманды да ұлағатты, ізетті де инабатты қыз тәрбиелеудің аса маңызды екенін еске салып тұрғандай.