"Тәуелсіздік бәрінен қымбат", «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды
14.12.2021 ж. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында "Тәуелсіздік бәрінен қымбат", «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.
2021 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Әлем жұртының алдында өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Көрмеде кітапхана қорынан ел дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын тәуелсіздік тарихымыздың жарқын беттері мен осы кезеңдегі әдебиет пен өнер, білім мен мәдениет, ғылым және экономика салаларындағы жетістіктер көрініс тапқан бірнеше басылымдар ұсынылды.
Сондай-ақ, биылғы жылы Тәуелсіздік мерейтойына байланысты жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып, поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындылар таңдап алынды.
Шараның мақсаты – оқырман қауымға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жолында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы мағлұмат беру, білімдерін нығайту; әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, және жастардың оқуға деген қызығушылығын дамыту.