Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

Үш бәйтерек – Сәкен, Ілияс, Бейімбет

06.12.2019 ж. Қарағанды  жоғары политехникалық колледжінің салтанат залында қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай артына мол рухани қазына қалдырған көрнекті тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында кітапхананың  ұйымдастыруымен  «Үш бәйтерек – Сәкен, Ілияс, Бейімбет»  атты   әдеби сайыс  кеші  болып  өтті.      

Аталмыш сайыс кеші көрермен қауымның көңілдерінен шығып, өте қызықты әрі тартымды өтті. Оған 9-2-ЗЧС-19кс  тобының алғыр да дарынды студенттері қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Қатысушылар «Білімділер», «Алғырлар», «Дарындылар»  болып үш топқа бөлінді.

Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.

Әдеби сайыс кешін 9-1-ЗЧС-19кс, 9-1-ПБ-19кс, 9-1-ТОРА-18к топтарының студенттері мен колледжіміздің оқытушылары  үлкен қызығушылықпен тамашалады.

Шара барысында қатысушыларымыз шапшаңдық танытып, берілген сұрақтарға белсене жауап беріп, жүйрік ойларын, терең білімдері мен шеберліктерін көрсете білді.

Сондай-ақ кітапханашы Рахымжанова Шамшат Кайыржановна «Үш бәйтерек – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» атты кітап көрмесіне шолу жасады. 

Кеш соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Алғырлар» тобы бірінші орынды иеленіп жеңіске жетті, сонымен қоса кітапхананың атынан қатысушы студенттерге грамоталар табысталды.