Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

Сенің кәсібің туралы көркем әдебиет

29.11.2022 ж. «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында колледжіміздің кітапханасы қазақтың әйгілі жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай оқу залында «Қара сөздің хас шебері» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, «Сенің кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбында 11-ГЭМ-22, 9-1-ТОРА-22 тобының студентердің қатысуымен Кітапхана квилтін өткізді.

Мақсаты - студенттерге абзал ағаның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен таныстыра отырып, шығармаларын оқуға насихаттау, көркем әдебиетті сүюге, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, адамгершілік, елжандылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Ғ. Мұстафин - қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, көркем сөздің хас шебері. Саналы ғұмырын қазақ прозасының өркендеуіне арнаған ұлы тұлға артына көп еңбек қалдырды. Содан болар, оның шығармалары оқырман қолынан әлі де түспейді.