«Саяси құрбандар» атты кітап көрмесі
31.05.2022 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Саяси құрбандар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске ала отырып, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, тарихымызды біле отырып, бүгінгі ұрпаққа кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.
Кітап көрмесін көріп танысуға шақырамыз.