Мақал-сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы
25.04.2024 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында тілдер кафедрасы оқытушылары мен кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру және оқу сауаттылығы апталығы шеңберінде біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты викториналық ойын өткізілді.
Мақсаты - студенттердің кітап оқуға құштарлығын арттыру, оқу сауаттылығын көтеру, білімділікке, тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу, халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді қолдана білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту.
Сайыс тартысты және танымды өтті. Оған 9-1-ПО-23, 9-1-ПОИС-23, 9-3-ПО-23 тобының студенттері белсене қатысып, жан-жақты өнерлерін көрсете білді. Әр кезеңде қатысушалыр өздерінің тапқырлығымен, ұшқыр ойларымен көзге түсіп, үлкен қызығушылық танытты.
Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалынды, сондай-ақ, әділ қазылар қатысушы студенттерге алғыс білдіріп марапаттады.
#оқуғақұштарколледж #читающийколледж