Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

«Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынов» (1873-1937) (туғанына 150 жыл)

05.09.2022 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапханасы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ғалым-лингвист, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 толуына орай zoom конференциясы арқылы әдеби шолу-челленджін өткізді.

Мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, ақынның өмір өткелдері мен шабыты шалқыған шығармашылығын насихаттау, ана тілін құрметтеу, рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Онлайн шараға жүректері жырға жақын 9-1-ПОИС-21к тобының студенттері белсенді қатыса отырып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, терең білімдері мен шеберліктерін көрсете білді, қаламгер өлеңдерін бар ынталарымен оқып шықты.

Сондай-ақ, оқырман назарына көркем шығамалармен, таңдамалы өлеңдер жинағымен, өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған журналдар мен газеттер ұсынылған «Ақын-жазушылардың мерейтойлары», «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты кітап көрмелеріне шолу жасалынды.