Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

22.04.2024 күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында Оқу сауаттылығы апталығының ашлуына орай кітапхана ұжымы «Өзің оқып, өзгеге ұсын!» атты тұрақты BookCrossing (кітап сыйлау) акциясын колледждің фойесінде ұйымдастырды.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» ережесіне негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Акцияның басты мақсаты – үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», сондай-ақ кітапхананың қорын молайта отырып, студенттердің кітап оқуға құштарлығын арттыру.

Шарада оқырмандар назарына әр түрлі жанрдағы әдебиеттер қойылып, әрбір кітап сүйер студенттің өзінің жақсы көріп оқыған кітабін алып келіп, орына басқа бір шығарманы алып оқуға мүмкіндігі болды. Буккроссинг процесі өте қарапайым, бірақ танымдық. Бұл игі іс әр жыл сайын дәстүрлі жалғасын тауып, кітаптар өз оқырмандарын табуда!