Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

«БІР КОЛЛЕДЖ – БІР КІТАП»

07.02.2023 ж. «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру және «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында колледж кітапханасы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша «Бір колледж – бір кітап» атты әдеби диспут өткізді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туын-дыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Шара барысында жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, «Қонақтар» шығармасы пікірталас ретінде талқыға салынды. Оған 9-1-СЭЗС-22 тобы мен 9-1-ЗЧС-22 тобының 1 курс студенттері белсенді қатысып, барынша өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті, әдеби диспут қызықты әрі тартысты өтті.

Шара соңында қатысушы студенттерге грамота табысталып, «Бір колледж – бір кітап» виртуалды кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Құрметті оқырман, баршаңызды Төлен Әбдіков шығармаларын оқуға шақырамыз!