Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

06.02.2024 күні Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім бағытында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушының еңбектеріне арналған оқырман конференциясы өткізілді.

Мақсаты – студенттерді ұлттық әдебиетіміздегі көркем шығармаларды оқуға баулу және насихаттау, рухани құндылықтарға дәріптеу, сонымен қатар, оларды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға, прозаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Кеш тартымды және қызықты өтті. Оған 9-1-ПО-23 тобының студенттері қызыға қатысып, жазушының шығармаларын ұшқыр ойларымен талқылай түсті, сұрақ-жауап ойындарында белсенді жауап беріп барынша білгірлік пен шапшаңдық танытты.

Конференция соңында оқырмандарға кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесі жүйелі түрде таныстырылды.

Бердібек Соқпақбаев – ерекше талантты жазушы. Оның көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Кітап көрмесінде «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Аяжан», «Жекпе-жек», «Ергежейлі еліне саяхат» секілді керемет әңгімелері мен повестері, Аңыз адам журналы және қосымша материалдар ұсынылды.