Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

«Қасіретті жылдар құрбандары» атты кітап көрмесі

28.05.2021 жылы Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің оқу залында 31 мамыр - Саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Қасіретті жылдар құрбандары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық  шолу жасады. Мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олар жөнінде студенттерге терең түсінік беру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру. Отансүйгіштік, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, адамгершілік қасиеттерін дарыту. 

Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын энциклопедиялар, Аңыз адам журналдары, қазақ зиялыларының шығарма кітаптары, баспасөз беттерінен материалдар ұсынылған.

Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан да, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

Кітап көрмесін көруге шақырамыз!