Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

«Асқақ арманды ақын - Сұлтанмахмұт Торайғыров»

«Асқақ арманды ақын - Сұлтанмахмұт Торайғыров» (1893-1920)

24.10.2023 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапханасы «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім бағытында қазақ әдебиетінде көп мұра қалдырған, ақын, прозашы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Асқақ арманды ақын» атты әдеби қонақжай өткізді, сондай-ақ еліміздегі ұлттық мереке 25 қазан - Республика күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараны өткізудегі мақсат - жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, дара ақын С.Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен таныса отырып шығармаларын насихаттау, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, Отаншылдық сезімдерін ояту.

Әдеби қонақжайға колледжіміздің 9-1-СЭЗС-23к тобының білімді әрі талантты студенттері қатысып, барша өнерлерін ортаға салды. Шыншыл ақынның жүрегінен шыққан патриоттық өлеңдерінен оқып, сұрақ-жауап ойындарына да белсенді ат салысты.

Кеш барысында оқырман назарына қаламгер жайында дайындалған шағын бейнефильм ұсынылды.

Сондай-ақ, шара соңында кітапханашы «Асқақ арманды ақын» және «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмелеріне шолу жасады.