Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

03.03.2020 ж. Қарағанды  жоғары политехникалық колледжінің оқу залында кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеші болды.  

Қазақ даласының ұлы ақыны Абайдың еліміздің рухани мұрасына қосқан үлесі шексіз, оның шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен танымал.           

Кеш оқырман қауымның көңілдерінен шығып, өте қызықты, мағыналы әрі тартымды өтті. Шараға 9-1-ВТП-19 тобының студенттері белсенді қатысып, ақынның сирек өлеңдерін зор ықыластарымен оқып шықты. Сондай-ақ, студенттер назарына көркем шығармалармен, таңдамалы өлеңдер жинағымен, өмірі мен шығармашылығы туралы журналдар мен газеттердегі мақалалармен ұсынылған «Абай әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.