Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

«Өзің оқып, өзгеге ұсын!» атты тұрақты BookCrossing шарасы

14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күніне орай колледжіміздің 4 корпусында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша кітапхана ұжымы «Өзің оқып, өзгеге ұсын!» атты тұрақты BookCrossing шарасын ұйымдастырды.

Бұл акцияның мақсаты - колледж кітапханасындағы көркем кітап қорын насихаттау, студенттердің шығармаларды оқуға қызығушылығын дамыту, оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап алмасу арқылы білім көкжиегін кеңейту және қоғамда кітап оқуды дәріптеу.

Шарада оқырмандар назарына әр ел жазушыларының еңбектері қойылып, әрбір кітап сүйер студент өздері ұнатқан туындыларды тегін алып кетуге мүмкіндігі болды. Бұл шара баршаға тек қана қуанышты көңіл күй сыйлап қана қоймай, құнды білімдерін кенейтті.

Буккроссинг процесі өте қарапайым, бірақ танымды. Бұл игі іс әр жыл сайын дәстүрлі жалғасын тауып, кітаптар өз оқырмандарын табуда!