«Жаңа кітаптармен таныс болыңыз» Ақпарат күні көрмесі
27.01-28.01.2024 күндері Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінің оқу залында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша кітапханшылардың ұйымдастыруымен жыл сайын жүйелі түрде өткізілетін іс-шара «Жаңа кітаптармен таныс болыңыз» Ақпарат күні көрмесі өтті.
Мақсаты – колледж оқытушылары мен студенттеріне кітапханаға мамандықтар бойынша келіп түскен жаңа оқулықтар мен оқу құралдары туралы ақпарат беру, таныстыру.
Шарада оқырмандар назарына оқу бағдарламасы бойынша оқулықтар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Оған кафедраның барлық оқытушылары мен колледжіміздің жоғары курс студенттері қатысты, олар кітаптардың мазмұнымен терең танысып, өзара пікірлерімен бөлісті. Оқулықтарға кеңінен шолу жасалынды.
Кітапхана оқырмандарына қордағы жаңадан келген басылымдарды таныстырып, басқа да ақпараттық қызмет көрсетуге әрқашан дайын.