Телефоны:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18приемная

Адреса корпусов:

  • Бухар-Жырау проспект, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бухар-Жырау проспект, 11а3 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Время работы:

  • пн-пт 08:00–18:00обед 13:00-14:00
  • сб 08:00–14:00

Социальные сети:

Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!

09.12.2020ж. бастап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне толуына орай Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапханасында«Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2020 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойы. Бұл — мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Сондықтан кітапхана ұймдастырған «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны!» атты кітап көрмесіосы мерекеге арналып отыр.

Көрмеде   кітапхана қорынан ел дамуының негізгі кезеңдерін баяндайтын тәуелсіздік тарихымыздың жарқын беттері  мен осы кезеңдегі әдебиет пен өнер, білім мен мәдениет, ғылым және экономика салаларындағы жетістіктер көрініс тапқан бірнеше басылымдар  ұсынылды.

Кітап көрмеміздің мақсаты – оқырман қауымға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жолында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы мағлұмат беру, білімдерін нығайту. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - жаңа тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, елдің бірлігі мен дамуын, оның халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз еткен Елбасының тарихи рөлін көрсету.

Студенттердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің дамуы тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, әсемдікке, жауапкершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.