Состоялось итоговое мероприятие недели читательской грамотности «Адал азамат & AI-интеллект»
24.04.2026 ж. «Адал азамат & AI-интеллект» Оқу сауаттылығы апталығының жабылуының қорытынды салтанатты кездесуі болды. Кездесу өте мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Апта барысында өткізілген әдеби подкаст, цифрлық буктрейлер, челлендждер оқырмандардың оқу мәдениетін арттыруға, кітап оқуға қызығушылығын күшейтуге және рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға зор ықпал етті.
Апталыққа студенттер жоғары белсенділік танытып, барлық іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысты. Әрбір шарада олар өздерінің ізденімпаздығын, шығармашылық қабілеттерін айқын көрсете білді. Қатысушылар арнайы марапаттарға ие болып, жетістіктері лайықты түрде бағаланды. Бұл марапаттар – олардың тек бүгінгі еңбегінің ғана емес, алдағы үлкен жетістіктерге бастар алғашқы қадамдарының көрінісі.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
Іс-шараға жауаптылар:
Кітапхана ұжымы
Тілдер кафедрасының оқытушылары
Қатысушылар: 45 студент
