Чернобыль – ХХ ғасырдың апаты
2021 жылдың 26 сәуірінде орны толмас қасірет әкелген Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 35 жыл толуына орай, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кітапханасы «Чернобыль – ХХ ғасырдың апаты» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шағын тәрбие сағатын өткізді.
Көрменің мақсаты – адамзат алдында әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбегін көрсету, Чернобыль апатының тарихын, оның салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, оларды құрметтеуге баулу.
Аталмыш іс-шарада колледж студенттері кітап көрмесімен танысып, Чернобыль апаты жайлы, зиянды зардабы, залалы туралы кең мағлұмат ала отырып, өз ойларымен бөлісті, патриоттық тәрбиеге негізделген өлеңдер оқыды.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан отандастарымыздың ерлігі мен жігері ешқашан ұмытылмайтын келешек ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.